Шымкент: Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту ұмыт қалмайды

Шымкент қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қабылданады. 2019 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін түзеу мекемелерінен 235 хабарлама хат келіп түскен, анықтау жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде 33 азаматтың түзеу мекемесінен босатылмағаны анықталды. Бұл туралы қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары хабарлады. 

Осы RSS каналға жазылу